ДЦП ОҒАН ДЕРТ ЕМЕС

Блог - qbusiness: ДЦП ОҒАН ДЕРТ ЕМЕС

2017 жылдың 27 қаңтар күні тараздық жас кәсіпкер Азат Бердіқұлов Алматы қаласына келеді. «Бизнес Бастау» кәсіпкерлік мектебін жаңа тәмамдаған түлектер кешінде Азат алдағы жоспарларымен бөліспек.
Блог - qbusiness: ДЦП ОҒАН ДЕРТ ЕМЕС
Азат дүниеге келгенде дәрігерлер ДЦП диагнозын қойған. Өмірге құштар жан қиындыққа мойымай, өз бетінше кәсіп ашып, он екі мүшесі сау адамдар жасай бермейтін дүниелерді атқарып жүр. Ол «Бизнес бастау» мектебінің екі айлық курсын тәмамдады. Бүгінде туған қаласы Таразда компьютер жөндейтін маман. Жас кәсіпкер болашақта қайырымдылық қорын ашуды мақсат тұтады. Аяқ-қолы жоқ Ник Вуйчич әлемді өзінің шешендік өнерімен баурап алып, талайдың жүрегіне үміт отын құйды.
Ал Азат икемге келмейтін денесіне қарсы тұрып, ерекше қайсарлығымен қазір аяғынан тік тұрған кәсіпкер. Ол да ертеңіне алаңдайтын, қолымнан ешнәрсе келмеді деп налыған миллиондардарға үміттің сәулесі болары анық.
Блог - qbusiness: ДЦП ОҒАН ДЕРТ ЕМЕС
Құрметті, БАҚ өкілдері, блоггерлер қазақтың осындай қайсар баласы туралы жазып, көпшілікке ой салсаңыздар екен. Осы орайда сіздерді «Бизнес Бастау» кәсіпкерлік мектебінің түлектер кешіне шақырамыз.

БАҒДАРЛАМА:
17.00 – Түлектер кешінің ашылуы.
17.30 – Түлектерге бизнес мектепті тәмамдағандары туралы диплом табыстау
18.00 – Азат Бердіқұлов сөз сөйлейді.
18.30 – Түлектер кешінің мерекелік бөлімі.
22.00 – Қорытынды.

Ұйымдастырушылар: «Бизнес Бастау» кәсіпкерлік мектебі және «SapalyQazaq» қоғамдық ұйымы
Байланыс: +7 701 743 25 46 +7 778 410 10 11
e-mail: biznes.bastau@gmail.com
Әрі қарай

БІР ТОЙДА ҚАНША АДАМ ӨЛЕДІ?

Бостан бос, еш әрекетсіз, не өзіңе, не басқаға пайдаң тимей өткен уақыт «өлген уақыт» деп саналады.

Ал 5-ке шақырылған той 8-9-да басталғанда «мен сол кеште 3-4 сағатым- уақытым, яғни өмірім текке кетті, өлді» деп санаймын! Кешігіп баруға қалыптасқан тәртіп, той иесіне деген құрметім жібермейді.
Блог - qbusiness: БІР ТОЙДА ҚАНША АДАМ ӨЛЕДІ?
Жылына қанша өмірім осындай тойларда, қонақтарда өліп жатыр десеңші! Ал бір тойға 300 адам жиналса, төртке көбейтсек 1200 сағат өмір шығады екен. Бұл деген не деген далаға кеткен ресурс! Текке кеткен өмір! Сол уақтты қаншама білім жинауға, қаншама денсаулық үшін спортпен айналысуға, басқа да пайдалы шаруаға жұмсауға болушы еді!!!

Ал бүкіл Қазақстанды алып есептеп көрсеңіз, бұл деген қанша адамның өміріне пара-пар уақыт қой!!!
Әрине той тәңірдің-қазынасы, бірақ уақытында басталып, уақытында аяқталса қандай ТАМАША!

Мен қарта ойнап, бильярд ойнап, сыра ішіп, крассворд шешіп, түкке тұрмайтын сериалдар көріп, нард ойнауға кеткен уақытты Өлген өмір деп ойлаймын. Адамдар ондай уақыттарын өзінің сүрген өмірінен сызып тастау керек. Сонда нақты қанша өмір сүргендері белгілі болады.

Мен өзім де осы уақытқа дейін жарты өмірімді ӨЛТІРІП алыппын!
Енді қалған азын аулақ өмірді өзіме де, маңайыма да пайдасы тиетін қылып өткізуді ұйғардым!
Әрі қарай